Академия жөнінде

Университет жайлы

Тәуелсіз Қазақстанда 1991 жылы, әлеуметтік-гуманитарлық бағыттағы тұңғыш жеке меншік жоғарғы оқу орны болып ҚАЙНАР университеті қалыптасты.
Қолдану мерзімі шексіз № 0000001 Мемлекеттік лицензия

Оқу жұмысы жалпы білім беру стандарттары негізінде 16 мамандық бойынша, және де магистратурада ғылыми педагогикалық  бағдарда 6 мамандық бойынша  жұмыс атқарады. Унивеситет  оқу процессінде  заманауи педагогикалық  технологиялар мен оқу әдістерін қолдануға ерекше көңіл бөледі. Бұл оқу сапасын және болашақ маман иелерін тағайындауда инновациялық технологияларды қолданумен бірден-бір байланысты.  Университеттің оқу процессіне компьютерлік технологиялар, электрондық оқулықтар, мультимедиа, аудио-видео, лингофондық жабдықтар және Интернет арқылы оқыту  методикалары ендірілген.

Қолдану мерзімі шексіз № 0000001 Мемлекеттік лицензия.
2013 жылдың наурызында Ғылым және Білім Министрлігімен аттестацияланған.
Аккредитациядан өткен.
Болон конвенциясының хартия мүшесі.
 ЮНЕСКО университеттер ассоцияциясының мүшесі.
Ресей Жаратылыстану Ғылымдары Академиясының ұжымдық мүшесі.
Лиссабондық  Географиялық қоғамның ұжымды мүшесі.
Қазақстан Республикасының жоғарғы оқу орындары ассоцияциясының мүшесі.
12 түрлі ассоцияциялар мүшесі.

Біздің ұсынатынымыз
1

Біздің ұстаздар — жоғары білікті мамандар!
 Біздің университетімізде 30-дан аса ғылым докторлары, 70 ғылым кандидаттары, Қазақ Ұлттық жаратылыстану ғылымдарының академиясының  10 академигі, Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының 2 академигі, және де әлеуметтік және гуманитарлық  Академиялардың академиктері  еңбек етеді.

2

 Университет кітапханасының бай картотекасы
 Университет кітапханасы республикалық  және шетелдік кітапханалармен  қарым-қатынаста, соның ішінде АҚШ конгрессінің әлемдік электрондық кітапханасын пайдалану мүмкіндігі де бар.  Университетте жүйелі түрде оқу әдістемелерін жетілдіру және онлайн-оқыту жүйелерін дамытуды белсенді жалғастырылуда.

3

Белсенді де қызықты студенттік өмір!
Сіздер  үшін жұмыс атқарады:
— Студенттер Ісін басқару Комитеті
— КВН
— Дебаттар клубы