Миссия

Қайнар академиясының миссиясы — бүгінгі күні сапалы білім, ертең –
қамтамасыз етілген болашақ! Яғни, көп профилді университет бола отырып,
ол экономика мен бизнес, білім беру, мәдениет саласында сапалы бәсекеге
қабілетті білім беру қызметтерін көрсетеді және бәсекеге қабілетті кадрларды
дайындау арқылы елдің индустриялық-инновациялық дамуына белсенді
түрде ықпал етеді.
Академияның миссиясының ерекшелігі Қазақстанның еңбек нарығында
сұранысқа ие жоғары білікті мамандарды даярлауға бағытталуында. Қайнар
Академиясының көп профилі біздің еліміздің өңірлерінің дамуының басым
бағыттарында, оның ішінде экономикалық, педагогикалық және әлеуметтік

мамандықтардағы кадрларға деген қажеттілігін қанағаттандыруға мүмкіндік
береді. Сонымен қатар Қайнар Академиясы ғылыми және білім беру ортасын
қалыптастырады, онда бүкіл ел бойынша сұранысқа ие мамандар
даярланады. Білім беру қызметі құзыреттілікке негізделген және Дублин
дескрипторлары, еуропалық және ұлттық біліктілік шеңберлері негізінде
әзірленген білім беру бағдарламаларына сәйкес жүзеге асырылады.
Күтілетін нәтиже: стратегиялық мақсаттарды іске асыру нәтижесінде
білім берудің инновациялық моделін құру, кәсіби құзыреттілік деңгейі
жоғары, іргелі білім, инновациялық тәсілдер, «Қазақстан-2050» даму
стратегиясына сәйкес зерттеу дағдылары бар қажетті және табысты
мамандарды дайындайтын үздік ЖОО-ның бірі болу, және ғылым, бизнес,
экономика, құқық, білім беру, сондай-ақ басқа салалар үшін мамандарды
даярлау саласында жетекші позицияны қамтамасыз ету, қоғамның
құндылықтарын дамыту үшін мамандарды дайындау мен интеллектуалдық
ресурстарының сапасын үйлестіре экономикалық және әлеуметтік саланың
негізгі арналарының даму болашағын айқындау.