СТУДЕНТ КОДЕКСІ

ҚАЙНАР АКАДЕМИЯСЫНЫҢ СТУДЕНТТЕРІНІҢ АР-НАМЫС
КОДЕКСІ
Қайнар академиясының студенттер қоғамы
— Академияның миссиясын орындау үшін жауапкершілігін сезініп;
— Академия жүйесінде студенттер, оқытушылар және университет
әкімшілігі арасындағы шынайы демократиялық қарым-қатынастарды құруға
ұмтылып;
Қайнар Академиясының осы ар-намыс кодексін қабылдайды және оны
адал орындауға келіседі.
1-бап.

Қайнар студенті Қазақстан Республикасының Конституциясы мен
заңдарын, Қайнар академиясының Жарғысын, Ішкі тәртіп ережелерін,
жатақхана және басқа да ішкі нормативтік заңдарын сақтайды.
2-бап.
Қайнар студенті Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін,
ұлттық мәдениетті, Қазақстан тарихы мен мемлекеттілігін марапаттайды
және академиясының дәстүрін аялап көбейтеді.
3-бап.
Қайнар студенті басқа студенттер, оқытушылар және Академияның
әкімшілігімен сыпайы сөйлесіп, қамқорлық көрсетеді.
4-бап.
Қайнар студенті тұлғаның шығу тегі немесе ұлтына, әлеуметтік
жағдайына, діни немесе философиялық нанымына қарамастан, кез келген
адамға құрметпен қарайды.
5-бап.
Қайнар студенті өзінің білім беру міндеттерін қатаң орындайды,
этикалық, академиялық және құқықтық бұзушылықтарға мүмкіндік бермейді,
оның ішінде: плагиат, өтірік айту, шпаргалка пайдалану, білімді бақылаудың
түрлі нысандарының барлық кезеңдерінде алдау; жоғары баға алу үшін
туыстық немесе қызмет байланыстарын пайдалану; мұғалімге деген
құрметсіздік; келмеу және себепсіз кешігу.
6-бап.
Қайнар студенті Академияның материалдық-техникалық базасы,
кітапханалық және ақпараттық ресурстарына қамқорлықпен қарайды.
7-бап.
Қайнар студенті таза, ұқыпты киінеді, оның келбеті қоғамның
эстетикалық стандарттарына сәйкес келеді.
8-бап.
Қайнар студенті салауатты өмір салтын ұстанады, өздерінің мәдени,
моральдық және физикалық деңгейін арттыруға ұмтылады, университеттің
әлеуметтік, мәдени, ғылыми және спорттық өміріне белсене қатысады.
9-бап.
Қайнар студенті жалған ақпаратқа жол бермей, елде тәртіпті
тұрақсыздандыруға бағытталған әрекеттердің таралуының алдын алу керек,
рұқсат етілмеген жиналыстарға, митингтерге, науқандарға қатыспайды.
10-бап.
Қайнар студенті Қайнар университетінің имиджіне және беделіне
нұқсан келтіретін, Академияның мүдделеріне қарсы келетін істермен
айналыспауы керек.
11-бап.
Қайнар студенті, осы Кодекстің ережелерін бұзу болып табылған осы
әрекеттерді тоқтатуға тырысады.1