Шетел азаматтарының Қайнар Академиясына оқуға түсу ережесі

  1. Шетел азаматтарын ақылы негізде қабылдау Академияның қабылдау комиссиясы өткізетін әңгімелесу нәтижесі бойынша жүзеге асырылады.
  1. Академияның қабылдау комиссиясына өткізілетін құжаттар тізімі:

– жалпы орта (орта жалпы) немесе техникалық және кәсіптік (бастауыш немесе орта кәсіптік), орта білімнен кейінгі білімі туралы құжатын (төлнұсқа);

– жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін (паспорт);

– 3 x 4 көлеміндегі алты фотосуретін;

– 086-У нысанындағы медициналық анықтама.
 

  1. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының білім туралы құжаттары бар, біліктілігін растаған және мамандығы бойынша кемінде бір жыл жұмыс өтілі бар адамдар мынадай құжаттардың бірін:

1) еңбек кітапшасын;

2) жұмыс берушінің қолы қойылған, ұйымның мөрімен (бар болса) расталған қызметтік тізімді (жұмыскердің жұмысы, еңбек қызметі туралы мәліметтер тізбесі);

3) жұмыскердің еңбек қызметі туралы мәліметтерді қамтитын архивтік анықтаманы қосымша береді.

  1. Шет тілінде берілген құжаттардың мемлекеттік немесе орыс тіліндегі нотариалды куәландырылған аудармасы болуы тиіс.
  1. Шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттар адамдар оқуға қабылданғаннан кейін оқудың бірінші семестрі ішінде заңнамада белгіленген тәртіппен нострификациялау рәсімінен өтеді.