ҚҰЖАТТАР

Жалпы орта (орта жалпы) білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік (бастауыш немесе орта кәсіптік), орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын меңгерген білім беру ұйымдарының бітірушілері үшін ҰБТ және КТ тест тапсырмаларының саны:

  • Қазақстан тарихы бойынша – 20;
  • математикалық сауаттылық бойынша – 20;
  • оқу сауаттылығы (оқу тілі) бойынша – 20;
  • бірінші бейіндік пән бойынша – 30;
  • екінші бейіндік пән бойынша – 30.

 

Жеделдетілген оқу мерзімімен қысқартылған білім беру бағдарламалары бойынша түсушілер үшін тест тапсырмаларының саны:

  • жалпы бейіндік пән бойынша – 20;
  • бейіндік пән бойынша – 40.

ҰБТ және КТ бойынша ең жоғары балл – 140 балл.

Шығармашылық дайындықты талап ететін мамандықтарға түсушілер үшін ҰБТ және КТ бойынша ең жоғары балл – 120 балл.

Жеделдетілген оқу мерзімімен қысқартылған білім беру бағдарламалары бойынша ұқсас мамандықтарға түсушілер үшін КТ бойынша ең жоғары балл – 70 балл.

Жеделдетілген оқу мерзімімен қысқартылған білім беру бағдарламалары бойынша ұқсас және шығармашылық дайындықты талап ететін мамандықтарға түсушілер үшін КТ бойынша ең жоғары балл – 70 балл.

 

Үлгілік қағидалардың 43-тармағында белгіленген шекті балды алмаған, нәтижелері жойылған түсушілер және ҰБТ мен КТ-ға қатыспаған адамдар үшін ЖОО-ға ақылы негізде түсу үшін күнтізбелік жылғы 19-24 тамыз аралығында ҰБТ және КТ қайта өткізіледі, бұл ретте түсушілер күнтізбелік жылғы 1-8 тамыз аралығында желілік ЖОО-ның қабылдау комиссиясына келесі құжаттарды тапсырады:

  • 1) № 502 бұйрықпен бекітілген нысан бойынша ҰБТ-ға және КТ-ға қатысу үшін өтініш;
  • 2) 3×4 көлеміндегі екі фотосурет;
  • 3) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
  • 4) Үлгілік қағидалардың 6 және 7-тармақтарына сәйкес тестілеуді өткізу үшін ақы төлегені туралы түбіртек;
  • 5) №902 бұйрықпен бекітілген 086-У нысандағы медициналық анықтама.

Қабылдау комиссиясының

Құжаттарды қабылдау уақыты:

01.06.2017 – 28.08.2017

ҰБТ құжаттарын қабылдау уақыты:

01.06.2017 – 20.06.2017

Кта құжаттарын қабылдау уақыты:

01.06.2017 – 08.07.2017

Шығармашылық емтихан уақыты:

08.07.2017 – 13.07.2017

Магистратураға қабылдау уақыты:

01.06.2017 – 31.07.2017

Педагогикалық мамандықтарға пед.емтихандар:(КИЯЛ, ИЯ, ПИП)

08.07.2017 – 18.08.2017