Университет жайлы

Тәуелсіз Қазақстанда 1991 жылы, әлеуметтік-гуманитарлық бағыттағы тұңғыш жеке меншік жоғарғы оқу орны болып ҚАЙНАР университеті қалыптасты.

Қолдану мерзімі шексіз № 0000001 Мемлекеттік лицензия

Оқу жұмысы жалпы білім беру стандарттары негізінде 16 мамандық бойынша, және де магистратурада ғылыми педагогикалық  бағдарда 6 мамандық бойынша  жұмыс атқарады. Унивеситет  оқу процессінде  заманауи педагогикалық  технологиялар мен оқу әдістерін қолдануға ерекше көңіл бөледі. Бұл оқу сапасын және болашақ маман иелерін тағайындауда инновациялық технологияларды қолданумен бірден-бір байланысты.  Университеттің оқу процессіне компьютерлік технологиялар, электрондық оқулықтар, мультимедиа, аудио-видео, лингофондық жабдықтар және Интернет арқылы оқыту  методикалары ендірілген.

  • Қолдану мерзімі шексіз № 0000001 Мемлекеттік лицензия.
  • 2013 жылдың наурызында Ғылым және Білім Министрлігімен аттестацияланған.
  • Аккредитациядан өткен.
  • Болон конвенциясының хартия мүшесі.
  •  ЮНЕСКО университеттер ассоцияциясының мүшесі.
  • Ресей Жаратылыстану Ғылымдары Академиясының ұжымдық мүшесі.
  • Лиссабондық  Географиялық қоғамның ұжымды мүшесі.
  • Қазақстан Республикасының жоғарғы оқу орындары ассоцияциясының мүшесі.
  • 12 түрлі ассоцияциялар мүшесі.

Біздің ұсынатынымыз

1
Біздің ұстаздар — жоғары білікті мамандар!

 Біздің университетімізде 30-дан аса ғылым докторлары, 70 ғылым кандидаттары, Қазақ Ұлттық жаратылыстану ғылымдарының академиясының  10 академигі, Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының 2 академигі, және де әлеуметтік және гуманитарлық  Академиялардың академиктері  еңбек етеді.

2
 Университет кітапханасының бай картотекасы 

 Университет кітапханасы республикалық  және шетелдік кітапханалармен  қарым-қатынаста, соның ішінде АҚШ конгрессінің әлемдік электрондық кітапханасын пайдалану мүмкіндігі де бар.  Университетте жүйелі түрде оқу әдістемелерін жетілдіру және онлайн-оқыту жүйелерін дамытуды белсенді жалғастырылуда.

3
Белсенді де қызықты студенттік өмір!

Сіздер  үшін жұмыс атқарады:
— Студенттер Ісін басқару Комитеті
— КВН
— Дебаттар клубы