Биржалық стимулятор

2017 жылдың 27 наурыз бен 26 сәуір аралығында Қазақстандық қор биржасы (KASE), ЖШС «Қаржы нарығының ақпарат агенттігі «Ирбис»  және т.б ірі компаниялардың ұйымдастыруымен өткен  республикалық  «Биржевой симулятор» жобасына «Экономика және бизнес» кафедрасының 2 және 3 курс студенттері , Кенжебек Бекназар, Абдуллина Дилара, Шиман Назым, Загуменнникова Вероника, Досанова Алана қатысты. Ғылыми жетекшісі э.ғ.к., доцент Сыздыкова Куляш Шаймолденовна.

«Үздік инвестклуб» видеоролик номинациясында Қайнар Академиясының аталған студенттері  3- ші жүлделі орынға ие болып, диплом және қаржылай сыйлықпен марапатталды.