Қайнар академиясында 1-наурыз Алғыс айту күніне орай студенттер арасында үстел теннисі және дойбы ойынынан жарыс өтті.

Қайнар академиясында 1-наурыз Алғыс айту күніне орай студенттер
арасында үстел теннисі және дойбы ойынынан жарыс өтті. Оған
академияның барлық студенттері ат салысып, бар өнерлерін ортаға салды.
Ұтқан да, ұтылған да сыйлықтан құр қалмады.
Теннистен ұлдар арасында тілдер және журналистика кафедрасының 3-
курс студенті А.Бертысов бас жүлде алса, 2-ші орынды бизнес және
экономика кафедрасының студенті Ж.Рахманов алып, 3-орын тілдер және
журналистика кафедрасының 2-ші курс студенті Н.Алғалиевке бұйырды.
Теннистен қыздар арасында 1-ші орынды тілдер және журналистика
кафедрасының студенті Д.Мысырханова алса, 2-3- ші орынды осы
кафедраның студенттері С.Қазекешова мен К.Әділхан алды.
Ал дойбы ойынынан 1-ші орынды «журналистика» мамандығы
студенті А.Масабаев, 2-3- ші орындарды Р.Шаймарданова мен Н.Арманов
қанжығасына байлады.