ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы  іс-қимыл агенттігінің «қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» кешенді жоспарына сәйкес, 2017 жылдың 25-ші наурыз айы мен 11-ші сәуір аралығында  әділдік, шындық  пен адалдық принциптерін (қағидаларын) көрсететін студенттер  арасында «үздік суреттер» жарысы өтті. Аталған шараға Қайнар академиясының барлық мамандық студенттері қатысып, қазылар алқасының қарауына 20 жұмыс келіп түсті, олардың ішінен іріктеліп 5В030100-құқықтану мамандығының студенттері дайындаған                    3 үздік жұмыс таңдалып алынды. Командалар жүлделі орындармен, құрмет грамоталарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.