Rixos Almaty «РУХАНИ ЖАҢҒЫРУДАҒЫ ӨРКЕНИЕТТІҢ РӨЛІ»

9 шілде 2018 жылы «Rixos Almaty» қонақ үйінде Қазақстан Ұлттық
жаратылыстану ғылымдары Академиясы және Қайнар Академиясы
«РУХАНИ ЖАҢҒЫРУДАҒЫ ӨРКЕНИЕТТІҢ РӨЛІ» атты халықаралық
ғылыми-теориялық конференция өткізді. Конференция Қазақстан Ұлттық
жаратылыстану ғылымдары Академиясының Академигі, Қайнар
университетінің ректоры Омаров Еренғайып Салипұлының 70 жылдық
мерейтойына арналған.
Конференцияда Франциядан: Антонио Сиерра – Budget Officer
European Union Agency for Railways, Valenciennes, France, Омарова А.;
Ресейден – Теплякова С.Н. кәсіби Психотерапевтикалық Лигасының толық
мүшесі, клиникалық психолог; отандық ғалымдар: Құрманалиев К.А. – ҚР
ҰҒА корреспондент-мүшесі, Қазақстан Ұлттық жаратылыстану ғылымдары
академиясының вице-президенті; Джиенқұлов С.А. – тех.ғ.д., проф., ҚР
Ұлттық машина жасау және көлік академиясының Президенті; Маусымбаев
С.С. – пед.ғ.д., Шәкәрім ат. Мемлекеттік университеттің профессоры, Семей;
сондай-ақ жоғары оқу орындары басшылары мен белгілі ғалымдар доклад
жасады.

 

Конференция материалдарының электрондық нұсқасы www.kainar- university.com сайтында жарияланды.