Магистратура

Магистратура – бұл жоғарғы оқу орнын тамамдағаннан кейінгі ғылыми және педагогикалық кадрларды тағайындауға бағытталған, тиісті мамандық бойынша  1 немесе 2 жыл оқу мерзіміндегі, «Магистр» академиялық дәрежесін иеленетін кәсіби оқу бағдарламасы.

Магистратура “4+2”  (Бакалавриат + Магистратура) мамандарды дайындау  бағдарламасының екінші деңгейі болып табылады.  Екі деңгейлік жоғарғы білім беру жүйесі біздің еліміздің Болондық процесске қосылу аясында қабылданған. Бұл көптеген  басқа да елдердің жоғарғы білім беру жүйелерін жақындастырып, жоғарғы білім беру жүйесінің біріңғай европалық жоғарғы білім беру кеңістігін құру мақсатында жасалған. Сондықтан да магистр дипломы бүкіл әлемге таныс.

Магистратураның мүмкіндіктері:

1. Бакалавриатта таңдаған кәсіби мамандығы бойынша оқуын магистратурада жалғастырып, біліктілігін жоғарылату.

2. Оқу бағытын толықтай өзгерту.  Басқаша айтқанда, магистратураға түскен студент бірінші алған мамандығынан тым басқа бағыт таңдауы мүмкін. Мысалы:  Бакалавриат – техникалық мамандығы бойынша, ал Магистратура – экономикалық.