Оқу бағдарламалары мен и онлайн курстар

1
Бакалавриат

Бакалавр – бұл жоғарғы оқу орын студенті өзі таңдаған мамандығы бойынша алған білімін дәлелдегеннен кейін  иеленетін академиялық дәреже. Бұл біліктілік адамның жоғарғы білімін және алған білімі бойынша  маман екендігін растайды.

2
Магистратура

Магистратура – бұл жоғарғы оқу орнын тамамдағаннан кейінгі ғылыми және педагогикалық кадрларды тағайындауға бағытталған, тиісті мамандық бойынша  1 немесе 2 жыл оқу мерзіміндегі, «Магистр» академиялық дәрежесін иеленетін кәсіби оқу бағдарламасы.

 Магистратура «4+2»  (Бакалавриат + Магистратура) мамандарды дайындау  бағдарламасының екінші деңгейі болып табылады.  Екі деңгейлік жоғарғы білім беру жүйесі біздің еліміздің Болондық процесске қосылу аясында қабылданған. Бұл көптеген  басқа да елдердің жоғарғы білім беру жүйелерін жақындастырып, жоғарғы білім беру жүйесінің біріңғай европалық жоғарғы білім беру кеңістігін құру мақсатында жасалған. Сондықтан да магистр дипломы бүкіл әлемге таныс.

Магистратураның мүмкіндіктері:

1. Бакалавриатта таңдаған кәсіби мамандығы бойынша оқуын магистратурада жалғастырып, біліктілігін жоғарылату.

2. Оқу бағытын толықтай өзгерту.  Басқаша айтқанда, магистратураға түскен студент бірінші алған мамандығынан тым басқа бағыт таңдауы мүмкін. Мысалы:  Бакалавриат – техникалық мамандығы бойынша, ал Магистратура – экономикалық.

3

MBI

 Париж ХІІ университетінің  СЕДИМЕС институты КАЙНАР Университетімен бірлесіп, шетелге аттанбай халықаралық MBI магистрі дипломын алуын ұсынады.

Магистратурадағы оқу мерзімі 1 жыл (12 ай). Оқу кешкі уақытта (18.00 – 21.00) қазан айынан басталады.

Магистратурадағы оқу ағылшын тілінде жүргізіледі. Оқуды Франция, Италия, Канада, Жапон, Англия және Қазақстанның халықаралық экономика, сауда, кәсіпкерлік саласындағы жетекші профессор мамандары жүргізеді.

Оқу аяғында «INTERNATIONAL BUSINESS ADMINISTRATION» мамандығы бойынша халықаралық магистр дипломы және Қазақстан Республикасының мемлекеттік үлгідегі магистр дипломы беріледі.

Біздің мамандықтар

ГУМАНИТАРЛЫҚ:

  • ҚАЗАҚ ТІЛІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТ
  • ЮРИСПРУДЕНЦИЯ
  • ШЕТ ТІЛІ: ЕКІ ШЕТ ТІЛІ

ЭКОНОМИКАЛЫҚ:

  • ЭКОНОМИКА
  • АУДИТ ЖӘНЕ ЕСЕП
  • ҚАРЖЫ
  • МЕНЕДЖМЕНТ

ЖАРАТЫЛЫСТАНУ:

  • ПСИХОЛОГИЯ
  • ПЕДАГОГИКА И ПСИХОЛОГИЯ

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ:

  • ЖУРНАЛИСТИКА