Экономикалық пәндер және ақпараттық жүйелер кафедрасы

«Экономика және бизнес» кафедрасы

«Экономика және бизнес» кафедрасы ҚР ОДМ-нің №0000001 уақытылы шектелмеген лицензиясына сәйкес 1991 жылы құрылған. Кафедра мемлекеттік жалпыбілім стандарттары негізінде бакалавриаттың 4 және магистратураның 3 мамандықтары бойынша оқытып шығарады:

  •  5В050600- Экономика,
  • 5В05050700- Менеджмент,
  • 5В050800-Есеп және аудит,
  • 5В050900-Қаржы,:

орта білім негізінде (күндізгі оқыту) – 4 жыл,

орта-кәсіби білім негізінде (күндізгі және сырттан оқыту) – 3 жыл,

жоғары білім негізінде (сырттан оқыту) – 2 жыл.

Ғылыми-педагогикалық (2 жылдық) және бейіндік бағыттарда (1 жылдық) 3 мамандықтар:

  • 5В050600- Экономика,
  • 5В05050700- Менеджмент,
  • 5В050800-Есеп және аудит,
  • 5В050900-Қаржы

«Экономика және бизнес» кафедрасының профессорлы-оқытушылар құрамы (ПОҚ) 14 оқытушыдан, оның ішінде 2 ғылым докторынан, профеcсорлар; 9 ғылым кандидатынан, доценттер; 3 аға оқытушыдан тұрады.  Кафедраның ПОҚ дәрежелігі жөнінен 78,5% құрайды. Мемлекеттік тілде 10 оқытушы (71,4%) сабақ өткізеді, оның 7 оқытушысының ғылыми дәрежелері  бар.

Кафедра ПОҚ-ы ылғи да кәсіби деңгейін көтеруде, оның дәлелі соңғы 3 жылда 48 сертификаттары бар екенін айтуға болады.

Кафедра ПОҚ-ы жыл сайын ҚР ЖОО-ы өткізетін республикалық және халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияларға қатысып, онда баяндамалар жасап, конференция жинағында мақалаларын, соның ішінде импакт-фактормен басып шығарады.

Кафедра ПОҚ-ындағы профессор Сапарбаев А.Д., доцент Абдибеков С.У., Сыздыкова К.Ш. Т.Рысқұлов атындағы «Жаңа экономикалық университеті» АҚ «Әлеуметтік ғылым, экономика және бизнес» мамандықтар тобы бойынша ҚР БҒМ жоғары және ЖОО кейінгі білім берудің ОӘО РОӘК Кеңесінің мүшелері болып табылады.

Кафедра студенттер мен магистранттардың оқу, өндірістік, кәсіби және зерттеу тәжірибелерін өтуі үшін келесі тәжірибе базаларымен келісім шартқа отырды: «Казкоммерцбанк» АҚ, «Қазақстан халық банкі» АҚ, «Банк центр кредит» АҚ, «PREMIER» туристік агенттігі, «ҚазтрансГаз-Алматы» АҚ және т.б.

Кафедраның ПОҚ және студенттер ұжымы Қайнар академиясы мен Алматы қаласының қоғамдық және бұқаралық-мәдени шараларына белсенді қатысады.

Қазіргі кезде кафедрада оқу-әдістемелік жұмысы күшейтіліп, мемлекеттік тілде соның ішінде электрондық тасымалдаушыларда экономикалық және техникалық оқу құралдарын шығаруға көңіл бөлініп отыр.

«Экономика және бизнес» кафедрасында ғылыми-зерттеу жұмыстары мынадай бағытарда өткізілуде:

  1. Британиялық Кеңес пен Рединг университеті (Ұлыбритания) және

Еуропа-Азиялық зерттеу орталығының «2010-2016 жылдары қоршаған ортаға және ауа райына Қазақстан құрамы мен гео әсері» тақырыбындағы бағдарламаларының халықаралық ғылыми-зерттеу жобасы бойынша.

  1. «ЭКСПО-2017 шеңберінде 2013-2017жылдарға Қазақстан Республикасының таза энергия көздерін құру» ғылыми-зерттеу жобасы бойынша «Парасат» ННТХ АҚ Гранты.
  2. «НЦНТИ» АҚ тіркелген ғылыми-зерттеу жобалары:
  • «Қазақстанда бизнесті басқару» тақырыбы;
  • «Макроэкономикалық жоспарлау экономиканы мемлекеттік реттеу құралы ретінде тақырыбы;
  • ҚР кәсіпорындарды басқару жүйесінде қаржы және контроллингтің өзара байланысы тақырыбы.

Кафедрада «Эконономика және халық шаруашылығын басқару» студеденттік ұйірмесі жұмыс істейді. 2014 жылдан бастап экономика мамандықтарының студенттері «ИРБИС» қаржы нарығының ақпарттық агенттігі» ЖШС «Биржевой симулятор» оқу саудасында белсенді қатысты (грамоталар, сертификаттар бар).

 «Экономика және бизнес» кафедрасының меңгерушісі, э.ғ.к., доцент             Сыздықова К.Ш.