Тілдер, журналистика және туризм кафедрасы

«Тілдер, журналистика» кафедрасы келесі мамандықтар бойынша жұмыс жасауда:

  • 5ВО11700- Қазақ тілі мен әдебиеті;
  • 5В011900 — Шетел тілі: екі шет тілі ;
  • 5В050400-«Журналистика.

5ВО11700- «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша бакалаврларды дайындау күндізгі және сырттай бөлім бойынша орта білім, арнайы орта білім және екінші жоғары білім негізінде жүргізіледі. Оқыту мерзімі: күндізгі орта білім негізінде – 4 жыл, күндізгі жалпы орта  білім негізінде – 3 жыл, сырттай жоғары білім негізінде – 2 жыл.

«Қазақ тілі мен әдебиеті» білімдік бағдарламасы Қайнар Академиясының «Тілдер және журналистика» кафедрасында іске асырылады. Кафедраның бітіруші кафедрасы  «Тілдер және журналистика» болып саналады. Кафедрада 2 академик (филология ғылымдарының докторлары), 3 профессор, 10 ғылым кандидаты жұмыс жасайды.

Кафедрадағы

5В011700 — «Қазақ тілі мен әдебиеті», 5В011900 — Шетел тілі: екі шет тілі және 5В050400-«Журналистика» мамандығы  бойынша студенттерді дайындау ҚР БҒМ білім сферасындағы бақылау бойынша комитеттің 2015 жылғы 29 қаңтарындағы №142 мемлекеттік лицензиясы негізінде жүзеге асуда.  5В011900 — Шетел тілі: екі шет тілі мамандығы  1993 жылы ашылды. Ал 1995 жылы ішкі өзгерістерге байланысты 5В011900 — «Шет тілі: екі шет тілі» мамандығы болып ашылды. Оқыту мерзімі: күндізгі орта білім негізінде – 4 жыл, күндізгі жалпы орта  білім негізінде – 3 жыл, сырттай жоғары білім негізінде – 2 жыл.

Оқудың мақсаты-екі шетел тілін меңгерген , қазақстандық және шетелдік еңбек нарығында аса қажет біліктілігі жоғары мамандарды дайындау. Аталмыш мамандықтар келесі  түлектерді дайындап шығарады:

-екі шет тілінің мұғалімі, шетел тілдері мұғалімі;

— педагогикалық пәндер оқытушысы;

— Қазақстан Республикасы мен шет елдердің өндірістік, коммерциялық , басқарушылық және өзге салаларында кәсіби шеберлігі жоғары қызметкер бола алатын, зерттеушілік қабілеті бар, кәсіптік қызметінде халықаралық ұйымдармен іскерлік қызмет жасауға дайын мамандар.

Студенттер ағылшын, француз, неміс, түрік тілдерін оқиды.Қазіргі таңда  аталмыш мамандықтың оытушылық-профессорлық құрамы республиканың ЖЖО мен мектептерінде оқу-әдістемелік кешендерді, электрондық оқулықтарды құрастырумен айналысады (Мұхаметқалиева Г.О., Головчун А.А., Жаназарова З.К., Меньшукова Н.О.).Оқытушылар мен студенттер DAAD, Alliance, Francaise білім орталықтарымен, сонымен қоса Peace Corps, British Council, Education First шетелдік ұйымдармен тығыз қарым-қатынас жасайды.

5В050400-«Журналистика» мамандығы баспасөз ақпарат құралдары мен телеарналарда қызмет ететін тілші, журналист, тележүргізушілерді дайындайды. Оқу мерзімі-4 жыл. Түлектер ҚР Президентінің телерадиокешенінде, «КТК», «Таң», «СТВ», «Қазақстан» телеарналарда қызмет атқаруда.

Кафедраның 4 түлегі ғылым кандидаты ғылыми дәрежесін алып, ғылыми-зерттеу институттары мен ЖОО-да жұмыс жасауда.

Кафедраның педагог оқытушыларының 50% шетелде білімін жетілдіріп келді. ҚР мемлекеттік  білім гранттарын доцент А.Удербаев пен Г.Мамырбекова жеңіп алды. «ЖОО-ның үздік оқытушысы-2013» иегері-Ф.Т.Саметова. ҚР іргелі зерттеулер бағдарламасы бойынша 3 оқытушы Ф.Саметова, А.Үдербаев, Ә.Мұхтарова, Б.Батырхан 2015-2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламамен жұмыс жасауда.

Кафедра ғылыми-зерттеушілік жұмыстарды  жүргізу мақсатында А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі және М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтымен, Қырғызстан халықаралық университеті, Ж.Баласағұн атындағы Қырғыз ұлттық университетімен, И.Арабаев атындағы Қырғыз мемлекеттік университетімен, Технология институтымен, республикалық «Дала мен қала» газеті және «Алматы ақшам» басылымымен келіссөздер жасалып, жұмыс жүргізіліп келеді.Кафедра студенттері мәдени-шығармашылық жұмыстарға белсене араласады.