Психология және әлеуметтік ғылымдар кафедрасы

Қайнар университетінің педагогика, психология және әлеуметтік пәндер кафедрасының үлкен тарихы және ерекше орны бар. Университеттің құрылуымен қатар, 1991 жылы кафедраның негізі қаланды. 20 жыл ішінде кафедра екі бағыт бойынша мамандар даярлап келеді: 5В050300 – Психология және 5В010300 – Педагогика және психология. Сонымен қатар, 6М050300 – Психология мамандығы бойынша магистрлерді даярлау жүргізіледі.

Қазіргі таңда кафедрада 31 педагог бар, оның ішінде 9-ы профессорлар. Профессор-педагог құрамының жүргізетін дәрістері қолданатын әдістерінің түрлілігімен ерекшеленеді: дискуссиялар, ашық дәрістер, лабораторияларға, анатомиялық мұражайларға бару, кәсіби шеберлік сағаттары және т.б. Кафедраның өз меншігінде үлкен электронды кітапханасы бар.

Педагогика, психология және әлеуметтік пәндер кафедрасы тұлға қалыптасуындағы дамудың теориялық және практикалық мәселелерін талдау жұмыстарымен де айналысады. Кафедраның ғылыми зерттеу және білім беру бағдарламасының негізінде жеке-даралыққа интегралды бағыт жатыр. Педагогика, психология және әлеуметтік пәндер кафедрасы болашақ мамандарды даярлауға негізделеді, сондай-ақ психология секілді күрделі ғылымды терең, әрі жан-жақты зерттеу мүмкіндігін береді. Кафедраның жалпылама зерттеу бағыты әрекет барысында жеке-даралықты  жүзеге асыру мен қалыптастыруды зерттеу болып табылады.

Кафедраның барлық оқытушылары жыл сайын біліктілікті арттыру курстарын өтеді.

Кафедрада психологиялық және педагогикалық ғылымдардың көрнекті өкілдерімен кездесулер ұйымдастырылады және Қазақстанда, Ресейде, Қырғызстанда және Украинада практикалар жүргізіледі.

Кафедрада Қазақстан Психологтарының Ұлттық Ассоциациясымен бірге практикалық жаздық және қыстық интенсивтер, практикаға бағытталған курстар мен кәсіби шеберлік сағаттары жүргізіледі. Бағдарламада заманауи және классикалық формадағы психологиялық жұмыстар ұйымдастырылған. Олар НЛБ, трансактілі талдау, гештальтпсихология, когнитивті психология, артерпия және т.б.

Кафедрадан берілетін студенттер алатын білім ХХI ғасырдағы кәсіби мамандарға ұсынылатын барлық талаптарға жауап береді.